Тақырып 1. Экономикалық теорияның пәне және әдіс-тәсілдері

 

1.Экономикалық теория курсының қисыны (логикасы) және құрылымы.

   Экономикалық теорияның пәні.

2.Экономикалық теорияның қызметтері және зерртеу әдістері

3.Экономикалық категориялар және заңдар

 

Экономикалык теория дегеніміз, Пол Самуэльсонның сөзімен айтсақ, ол қоғамдық-әлеуметтік ғылымдардың патшасы. Зор абыройға ие болып, ғылым әлемінің тағына отыруына себеп, оның зерттейтін өзекті мәселелерінің маңызы мен мәнінде жатыр. Олардың ішіндегі ең бастысы – халықтар байлығының қайнар көздерін жасап, өркендету мәселелері. Адам өміріндегі ең қажетті шарт – аш, жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек етіп, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбастау қатынастарында болды. Жеке, жалғыз адам дүниеде күн көре алмауы ақиқат.

Алғашқы қауымда, адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық қадам алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңғарды аулауы деуге болады. Экономикадық ой-пікір өмір қажеттіліктерінен туады. Ежелгі дүниеде экономикалық кейбір құбылыстар мен процесстер Египет, Қытай, Индия, Греция (Ксенофонт, Платон, Аристотель т.б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаса алмады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, нарық сауда қатынастары кең дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды-заттай жүргізілді.

Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалылтасуы сауда, өнеркәсіп капиталының етек жайып дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада ХVІ-ХVІІ ғасырларды қамтиды. Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дами бастады. Қазақстанда XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте тарай бастады. Еліміздің солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынасса, оңтүстік-шығыс, орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т.б. елдердің саудагерлері араласып келді. Тарихта белгілі Жібек жолы осы қатынастардың айғағы.

Алғашқы экономикалық ілім ретінде қалыптасқан бағыт - меркантилизм (италияның «mercante» - саудагер сөзі) мектебі деп аталады. Меркантилизм сауда арқылы байлық қорланады, яғни жинақталады. Сол себепті тек айналыс аясын ғана зерттеу қажет деген тұжырым жасады. Сауда капиталының мүддесін қорғады.

Меркантилизм екі кезеңде дамыды. Ертеректе олар (ХV-ХVІ ғ. басы) байлық тек алтын мен күмістен құралады деген ұйғарымға байланысты «монетаризм» арқылы көрініс тапты. Монетаристер «ақша балансы теориясын ұсынды, осыған сәйкес елден ақшаны шығаруға тиым салынатын нұсқаулар енгізді.Кейінгі кездегі меркантилистер ақшаны сыртқа шығаруға тиым салмай, өнеркәсіп бұйымдарын экспорттауды күшейту, шетел тауарларына баж салығын көбейту арқылы ұлттық экономикаға қамқорлық жасап қолдауды, яғни протекционизм (латынша protestio – қорғау, қолдау жасау) саясатын ұсынды. Меркантилизмнің өкілдері: Т.Мен, А.Монкретьен және т.б.Меркантилистер нарық экономикасының теориясы мен практикасының ірге тасын қалаушылар қатарына жатады.Меркантилистер ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлердің, көпестердің ақшасы көбейген сайын, олардың малы түгел, байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату қызметі кеңінен атқарылады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы жандандыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы өз алдына қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес екендігі байқалды. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек, меркантилистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ.Экономикалық теорияның ілім ретінде қалыптасуының екінші бағыты физиократтар мектебі (Ф.Кенэ, А.Тюрго және т.б.).Олар меркантилистердің аталған кемшілігін сынға ала отырып, қоғам байлығының көзі саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар – Ф.Кенэ, А.Тюрго, т.б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан да өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф.Кенэ тұнғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты «экомомикалық кесте» жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндірілу процесін зерттеуге талап жасалды.Ф.Кенэнің «Экономикалық кестесі» қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған өз заманындағы даналықпен болжанған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу сатысы. Бірақта олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі, халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз, тұл деп есептеуі дұрыс болмады.Экономикалық теорияның ілім ретінде қалыптасуының келесі бағыты классикалық саяси экономия (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, С.Сисмонди). 1099;зды. Олардың пікірінше қоғаlФизиократтардың біржақтылық көзқарастарын олар айқын көрсетіп берді. Қоғам байлығының жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің түрлі салаларында материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын транспорт, байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің жаңа профессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз - өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше ролін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі.Марксизм (XIX ғ. екінші жартысы). Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В.И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия – енбектің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын экономикалық теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды жақтаушы деп барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия, бизнесмен болса, екіншісі, пролетариат-қаналушы, азаптағы тап. Олардың арасындағы антогонистік бітіспес қайшылық барлығы басшылыққа алынған.ң себ40;. Смит сияқты, нарық капиталдың қорлануының пәрменді құралы екендігін К. Маркс өз кезегінде атап көрсетті. Оның дәйектемелерінің А.Смиттен ерекшелігі, бұл процесс таптық күрестің шиеленісуі арқылы және капитализмнің жойылуымен бітеді, өйткені нарық механизмі капитализмнің асқындаған қарама-қайшылықтарын шеше алмайды - деп болжам жасады. Бұл идея күні бүтінге дейін өткір пікір таласқа айналуды, себебі оған жауап табу жәй мәселе емес.Марксті сынаушылар капитализмнің күлі көкке ұшып, жұмысшы табы қайыршыға айналған жоқ, Маркстің болжамы өміршең болмай шықты деген дәлелдер айтады. Керісінше, Марксті жақтаушылар, оның айтқаны шындық, өйткені күні біткен капитализмнің XIX ғ. 30 жылдарындағы ұлы құлдырау кезеңінде күлі көкке ұшты, ал қазіргі кездегі нарықтық-экономика алдын-ала Маркстің болжағанындай, зерттеулеріндегідей дамудың «адамгершілікке толы» ерекше моделі болып табылады деп дәлелдейді.1917 жылдың қазан айынан бастап, жетпіс жыл бойы КСРО-да тек қана маркстік экономикалық ілім таралды, сондықтан да ол өз үстемдігін орнатты. Маркстік емес ілімдердің барлығы теріске шығарылды. Пікір таластарынан айырылған марксизм, дүниеге деген көзқарастарды өз билігіне айналдырды, баршаға мәлім монополияның қандай түрі болса да тығырыққа тіреледі. Маркс өзіне дейінгі экономикалық теорияларды сын елегінен өткізіп, оппоненттеріне ғылыми негізде соққы бере отырып, жаңа теориялар ашқан. Кеңес дәуірінде орынды сындардан тысқары ұстау арқылы, оның теориясын өз даму мүмкіншіліктерінен айырып, тіпті сандыраққа айналдырып жіберді. Осылайша томаға-тұйыққа тірелу нәтижесінде марксизм дағдарысқа ұшырап, тарихи оқигаға айналды.ы бере отырып, жаМаржинализм (французша – marginal – шектеуліылыми негізд𚔍өз), оның марксизмнен ерекшелігі сол, адамды адам қанауға негізделген өндіріс әдісі - капитализмді зерттеуден бас тартты. Ол XIX ғ. 70 жылдарында пайда болды. Оның өкілдері: Австриялық К. Менгер, Англиялық У. Джевонс, Швейцариялық Л. Вальрас. Маржиналистер саяси экономиканың міндеті -шектеулі ресурстарды бөлу мен шаруашылықтарды жүргізудің ең тиімді тәсілдерін зерттеу екендігін айтты. Олар өз зерттеулерінің әлеуметтік бейтарап сипатта екендігіне көз жеткізу мақсатымен «саяси экономия» деген ұғымды пайдаланудан бас тартып, оның орнына «экономикс» ұғымын қолданды. Алғашқы осылайша қадам жасаған У. Джевонс, одан кейінгі «Экономикс принциптері» деген кітабын шығарған А. Маршалл болды.. АлЖаңа классикалық теория. Маржинализмнің ең озық пікірлер мен әдістерін өзіне қабылдап және идеялар бәсекесінің зор ықпалында үнемі болуы, оның марксизмнен басты ерекшелігі болды. Оны жақтаушылар математикалық үлгілерді алғашқы рет өз зерттеулерінде қолданды, ал XIX ғ. 90 жылдарында А. Маршалл саяси экономияның классигі Д. Рикардо теориясының элементтерінен маржинализм концепциясын құрастырды және  ол осындай қол жеткен оңтайлы нәтижелерді неоклассикалық жүйе деп атады. Оның өкілдері: Д. Кларк (американ мектебі), А. Маршалл мен А.Пигу (Кембридж мектебі).< KZ;mso-no-proof:yes'>. АлНеоклассикалық көзқарасты жақтаушылар, өз зерттеулерінің басты пәні - өндірістің ұйымдастырылу сипаты, оның қоғамдык формаларына ешқандай байланысты емес «таза экономика» деп жариялады, ал қызметтерінде тек қана өз мүдделерін (табыстарын көбейтуді және шығындарды азайтуды) көздейтін «экономикалық адамның» (homo economicus) қызметі мен субъективтік негіздерін өз зерттеулерінің бірден-бір нысаны ретінде қарастырады. Осылайша микроэкономикалық көзқарастар қалыптасты.Кейініректе, маржинализм – нарық арқылы реттеу экономиканы тұрақсыз етеді, сондықтан да оған мемлекеттің араласуы қажет деп санайтын Д.М. Кейнстің теориясын өзіне тартты.Кейнсианизм. Баршаға мәлім. Д.Кейнс (1883-1946) әлемдегі үш ғұлама экономистің бірі, яғни олар А. Смит, К. Маркс. Д. Кейнс. Кейнстің неоклассиктерден ерекшелігі, ол өз зерттеулерінің өзегі ретінде, халық шаруашылығын біртұтас алып зерттеді. Осылайша макроэкономикалық көзқарастар қалыптасты. Оның іргетасы «Жұмысқа қамтудың процент пен ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде тұжырымдалып, оны Кейнстік теория деп атайды.қа Маржинализмге тә t-size:11.0pt;line-height: 150%;color:black;mso-ansi-language:KZ;mso-no-proof:yes'>ң іргетаекті мәселелер: шектеулі пайдалылық, шектеулі табыс, ілектеулі шығындар және т.б. осы сияқты шектеулі шамаларды зерттеу жүргізу болып қала бередheight:150%;color:black;mso-ansi-language:KZ;mso-no-proof:yes'>өзқарастар Сонымен қатар маржинализмге тән елеулі кемшіліктерлі байқауға болады: онда математика шамадан тыс орын алған, абстракты толғаныстарға толы графиктер мен формулалардан бас көтере алмайсыз. Ең басты кемшілігі - әлеуметтік сипаттағы тұжырымдардың өте аздығы.өзқарастар Институционализм. Маржинализмнің әлеуметтік мәселелерді шешуде қабілетсіздігіне байланысты институционалды-социологиялық (латынша institutun - мекеме) теориясы қалыптасты. Оның өкілдері: Г.Веблен, У.Митчел, М. Вебер, В. Зомбарт. Д. Гэлбрейт, Г. Мюрдаль және т.б. болды.өзқарастар Бұл теория бойынша экономикалық дамудың дәрежесі тек нарыққа ғана байланысты болмайды, оны анықтайтын бүкіл экономикалық институттардың жүйесі болып табылады, ал нарық солардың біреуі, бөлшегі ғана. Олар «әлеуметтік ұлағаттылық» қоғамының мақсаттарын құрастырды, ал оған жататындар: әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлар, меншік пен өндірісті басқаруда еңбекшілердің 150%;color:black;mso-ansi-language: KZ;mso-no-proof:yes'>ғана байланыысуы ⭎ны анықң «швед үлгісіндет'>өзқарастар Қазіргі кезде еліміздегі экономикалықн өндірістөрт бағытты байқауға болады.<>өзқарастар Бірінші бағыттағы көзқарастар, маркстік концепцияның бұлжымастығына кәміл сенетіндер. Екіншісінің өкілдері – марксизм мен кейнстік теорияны біріктірумен айналысады. Үшінші бағыттағылар – отандық ғылымды батыстың экономикалық теориясына айналдырумен әуестенеді, ал төртінші бағыттағылар – бұрын болмаған жаңа концепцияны жасап, ізденіс үстінде жүргендер.

                        Қазіргі таңның көкей тесті проблемалары туралы көпшілікке түсініктіде, дұрысы да еңбекші қауымға еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту үшін адамдардан күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын, әсіресе азық-түлік мәсслесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті заңдары енбекшілердің, бүкіл халықтын мүдделеріне әсерін тигізетіндігі белгілі.

Экономикалық ілім қоғамдық өндірістік, адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтін болғандықтан қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмыс, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты туындайды.

Қарапайым техника мен біліксіз еңбекке негізделген кезде өндіріс  тиімділігін арттыру еңбек пен табиғи ресурстарды талан-тараж жасау  арқылы, адамды-адам қанауды күшейту негізінде жүргізілді.

Осындай жағдайда қалыптасқан маркстік саяси экономия әрдайым адам құқығын қорғау жолына түсті, ол еңбек пен капитал арасындағы экономикалық қатынастар сырын ашып, өндірістік қатынастарды талдау жасауды өз зерттеулерінің негізі екендігін жариялады.

Қоғамдық өндірістің негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Бірақ, қоғамдық өндіріс барлық кезде бір қалыпты дамуы мүмкін емес. Себебі қоғам өмірінде болып жатқан табиғи, ғылыми-техникалык және т.б. өзгерістер әсер етеді.

Қоғамда табиғи ресурстардың азаюына, жоғары білікті мамандар дайындауда және басқа да өндіріс факторларына шығындардын қымбаттауына байланысты жаңа қиыншылықтар пайда бола бастады.

Ғылыми-техникалық прогрестің бірте-бірте таралуына қарай жинақталған қоғам байлығының, ондағы адам еңбегінің үлесінің көбеюі салдарынан еңбек ету жағдайлары жақсарады.

Адам жағдайының жақсаруы жаңа қажеттілікті туындата береді. Сондықтан адам кажеттілігі шексіз.

Демек, жоғарыдағы аталған факторлар қоғам өндірісіндегі қатынастарға да әсерін тигізеді. Осыған байланысгы өндірістік қатынасқа шектеулі ресурстар мен шексіз қажеттіліктің тигізетін әсерін еске алу керек.

Жоғарыдағы тұжырымдамаларға сүйене отырып, экономикалық теорияның (пәнін) зерттеу тақырыбын төмендегідей анықтауға болады. Экономикалық теория – адамдардың қоғам өндірісі ресурстарының шектелуіне байланысты шексіз кажеттілігін қанағаттандыру барысындағы өндірістік қатынастар.

Өндірістік қатынастың құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді. Олар бір-бірімен тығыз себепті-салдарлы байланыста болады. Сондықтан өндірістің бұл төрт қатынасы,  өндіріс фазалары деп аталады. Бұл мәселеге келесі тақырыпта толығырақ тоқталамыз.

Экономикалық теорияның зерттеу тақырыбының бағытын анықтап, терең түсіну үшін, оны тану әдістерін меңгеруіміз қажет.

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, кейбір материалдық әдістер қолданылады. Ғылымда да, оқу пәнінде де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Экономикалық процестерді тану әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Барлық жағдайда зерттеуші мен оқытушы диалектикалық әдісті қолданады. Бұл әдістің негізін ескі дүниедегі гректер қаласа, ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым барлық процестерді даму ретінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәнін, олардың арасындағы өзара байланысын, дамудың себебі және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың түрлері мен әдістері көп.

Олардың негізгілері мыналар: талдау және синтез, индукция және дедукция, логикалық және тарихи көзқарастар, модельдер жасау және ғылыми абстракция т.б. Танымның бұл әдістерінің кейбір түрлері жаратылыстану, қоғамдық ғылымдарда да пайдаланады. Бірақ олардың қолдану түрлері мен шектері ғылымның атқаратын қызметі мен оның сипатына байланысты.

Талдау – жинақталған экономикалық құбылыстар мен фактілерді жеке дара бөліп талдау, оқыту.

Синтез – талдаудың қорытындысын жинақтап, біріктіріп тұжырымдау.

Индукция – жеке құбылыстар мен оқиғалардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер қалыптастыру. Демек, көптеген деректерді зерттеу нәтижесінде жалпы қорытынды жасау.

Дедукция – керісінше, жалпы қорытындылар негізінде экономикалық құбылыстардың, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттау.

Бұл соңғы екі әдіс бір-бірін толықтыра отырып, экономикалық саясат жасау үшін пайдаланады.

Экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу, тарихи көзқарастар мен логикаға негізделген зерттеу әдісін ұштастыру арқылы жүзеге асырылады. «Логикалық әдісті Ф.Энгельс: Шын мәнінде тарихи түрден және кедергі келтіретін кездейсоқтықтардан арылған тарихи әдістен басқа ештеңе де емес. Тарих неден басталса, ойлар желісі де содан басталуы тиіс. Сондықтан оның одан әрі дамуының өзі тарихи процестің абстрактылы және теориялық жағынан дәйекті түрде бейнеленуінен» деп жазды.

Экономикалық математикалық модель (үлгі). Экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінуге, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын, оның салдары, қабылданған шешімдердің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қалай болатынын дәлелдеп айтуға болады. Экономикада математикалық модельдеу өте қиын іс. Экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, экономикалық жағдайдың сипаттамасы кездейсоқ өлшемдер және кездейсоқ реттелмейтін байланыстармен ұштасады. Сонымен модельдер жағдайының сипаттамасы бір мағынада белгіленбейді, ол болу заңдарының болжамдылығы арқылы анықталады.

Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, әсіресе кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, мүмкіндігінше оларға материалдық форма беруге болады. Мысал ретінде баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, аласапыран процесс тәрізді, бірақ та баға динамикасы (өрісі) нақтылы факторлармен: керексіну және ұсыныс, өндіріс және тасымал шығындары т.с. белгіленеді.

Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұң жекешеленген және жинақталған жағын білдіреді.

Экономикалық зерттеулерде басқа да статистикалық байқау, ұсыну, болжам тексеру т.с.с. әдістер қарастырылады.

                    Экономикалық теория маңызды үш – танымдық, методологиялық және практикалық қызметтерді атқарады.

Ол қоғамдық ғылым ретінде нені, қалай, кімдер үшін өндіру қажет деген үш мәселенің шешімдерін табуы тиіс.

Әміршілдік экономикада бұл үш мәселе орталық баскару органдары арқылы өз шешімдерін табады. Нарықтық экономика кезінде тек үшінші мәселенің шешімін қабылдауға, яғни әлеуметтік бағдарламаларды жасау мен табыстарды қайта бөлуге ғана үкімет араласады. Қалған мәселелер нарық арқылы өз шешімдерін табады. Бұл жөнінде дұрыс тұжырым жасаған Ю.А.Львов болды, фирмалар өздеріне мейлінше көп табыс әкелетін тауарларды ғана өндіреді. Осылайша ол нені өндіру қажет - деген мәселені шешеді. Шығындарды азайтуды қамтамасыз ететін технологияны пайдаланып, қалай өндіру қажет деген мәселені шешеді. Халық өз табыстарына және тауарлардың бағаларына қарай сатып алады, осылайша кімдер үшін өндіру қажет деген мәселе өз шешімін табады.

Әрине, өмірде бұл мәселелер күрделене түсуі мүмкін, бірақ олардың мәні жойылмайды.

Танымдық қызмет – экономикалық заңдар мен категорияларды зерттеу және түсіндіру. Осыған сүйене отырып, ғылыми негізде қоғам еміріне қатысты белгілі көзқарастар жүйесін құру.

Практикалық (прагматикалық) қызметі - іс жүзінде зерттелген объективті теорияларды қолданып, мемлекеттің экономикалық саясатының негізін қалау.072;йдаланып, қалай өндіру қажет деген мәселеnsi-language: KZ;mso-no-proof:yes'>Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық басқа экономикалық ғылымдардың теориялық негізі болады.

Экономикалық ғылымдардың құрылысын мына төмендегіше: экономикалық теория, методология және теория негізі болып жүйеленеді.

1) Жалпы экономикалық ғылымдар: экономикалық ілім тарихы, экономикалық тарих т.б.

2) Қолданбалы экономикалық ғылымдар. Ол екіге бөлінеді:

а) функционалдық: қаржы, несие, бухгалтерлік есеп, статистика т.б.;

б) салалық: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, тасымалдау және коммуникация, сауда т.б.

3) Салааралық: экономикалық география, математикалық экономика, экономикалық құқық, менеджмент т.б.

      Жалпы алғанда экономикалық теорияның қызметтері бір-бірімен өте тығыз байланысты болып, жалғасып кеткен. Бұл байланысты былай сипаттауға болады: білім - әдіс, іс-әрекет.

қ

     Экономикалық категория дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің жағдайларын топшылаған түрде бейнелейтін логикалық ұғымдар. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазды: «... Категориялар болмыстық формаларын, белгілі бір сол қоғамның өмір сүру жағдайларын, көп жағдайда тек жекелеген жақтарын ғана бейнелеп көрсетеді». Тегінде өндіріс дегеніміз, - деп атап көрсетті К.Маркс, абстракция, дегенмен ақылға қонатын абстракция, өйткені ол ортақ нәрсені атап көрсетіп, бізді қайталай беру қажеттігінен құтқарады.

   Категориялар әрбір қоғамдағы өмір шындығын көрсетеді, сондықтан  олар тарихи категориялар. Кейбір экономикалық категориялар (ақша, жалақы, тауар өндірісі) аталуы жағынан барлық өндіріс әдістерінде бірдей, біртекті болып келеді. Алайда, олардың мәні, мазмұны, сипаты мүлдем өзгеше, нақтылы экономикалық сипатымен белгіленеді. Сонымен қорыта айтқанда, экономикалық құбылыстарды тануда категорияларды оқып, білу өте қажет. Экономикалық категорияларды бөліп, талдау экономикалық сандардың объективті сипатын, қоғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық өмірдегі құбылыстарды сипаттап қорытындылауға үлкен септігін тигізеді.

Экономикалық заңдар – адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында  өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқаратын заңдар.

Экономикалық заңдар дегеніміз – экономикалық процестер мен құбылыстардағы тұрақты болып қала беретін, берік орын алатын объективті өзара тәуелділіктер мен себепті-салдарлы байланыстар. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасында тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырад >

Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бұларда тұрақтылық пен өзгермешілік тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдарда барынша әр түрлі және әр типтес боладm

Табиғаттың құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашамыз. Мұндағы бір маңызды, ескеретін жай, заңдар кез-келген байланыс пен қатынастарды емес, олардын ең мәнді, қажетті қатынастарды сипаттайтындығы. Ілгеріде атап өткендей заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол объективті шындықтан туындайтын құбылыстар мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Сонымен бірге, ғылым заңдары табиғат пен қоғамның объективті заңдарының көрінісі.Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп-салдарын, өзара тәуелділігінің мәнін сипаттайды. Олар табиғат заңдары сияқты, объективті. Солай бола тұрғанмен экономикалық заңдар табиғат заңдарынан өзгеше. Өйткені, табиғат заңдары адамдардың қатынасынсыз туындап, көрініс алса, ал экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-қимылына байланысты туындайды. Мысалы, әлемдік тартылыс заңы адамдар мен адамзат қоғамы дамуынан бұрында орын алы муынан бұрында орын алы<;ігі белгілі.Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Энгельс сөзімен айтқанда,  экономикалық заңдар – табиғаттың мәңгі заңдары емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кететін заңдар. Әрдайым ес uage: KZ;mso-no-proof:yes'>ңдар. Әртін бір жәй, ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни, шын мәнінде адамдар өз еркімен, шешімімен бір экономикалық заңды жоққа шығарып, оның орнына жаңа заңдарды шығара алмайды. Экономикалық заңдардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдың процестердің өзгерісімен тікелей байланысты. ескі эконЕкінші жағынан, экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз, бірақ олардың қарекетінен тыс өмір сүре алмайды. Экономикалық заңдар жол алатын мүмкіндіктер (мысалы, өндіріс тиімділігі, сапалылығын қамтамасыз етуде) адамдар ол заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге қайшы келетін кез-келген іс-әрекет, сөзсіз, шаруашылық қиындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Нарықтық қатынасқа ену жолында осы талаптарды ескеру өте қажет. Экономикалық заңдар тобы бір-бірінен оқшауланбайды, керісінше бірін-бірі толықтырып, тығыз өзара байланыста болып, экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Тек қана біртұтас бөлінбейтін экономикалық заңдар жүйесі қоғамнын өндірістік қатынастарының көзге көрінбей, жасырын, бүркемеленіп тұратын экономикалық процестер мен құбылыстардын мәні мен мазмұнын ашады, сипаты мен бағытын көрсетіп береді. Экономикалық теорияның ішкі логикасынан туындайтын процестер, өміріміздің барлық саласындағы құбылыстармен үнемі тұрақты қарым-қатынаста болады. Қазір ғылымның жаңа салалары пайда болуда және экономикалық өмір өзгеріске ұшырауда. Міне осы жағдайлар экономикалық теорияның зерттеу жұмысын жақсартуды талап етеді. Зерттеу нәтижесін пайдалану – осы пәннің таным-тәсілдерінің бөліп тастауға болмайтын құрамдас бөлігі.

 

                      Сұрақтар:

 

089;артуды талап етеді. З&ның қалыптасу тарихы

                      Сұр&087;әні

3.jsp;                    Сұ зерттеу әдістері

4.Эlp;                   Сұ қызметтері       

 

 

Әдебиеттер:

1.       Нарықтық экономиканың негіздері: Оқу құралы / Б.Жүнісов, Ұ.Мамбетов, У.Байжомартов. – Алматы: Респ. баспа каб., 1994.

2.       Экономикалық теория негіздері: Оқулық / Я.Ә. Әубәкіров және т.б. Алматы «Санат» 1998 ж.

3.       Мәдешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 1995.